ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 2030 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 20,3 МЛН. АДАМНАН АСАДЫ - Т. ДҮЙСЕНОВА
Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,3 млн. адамнан асады. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан көші-қон үдерістеріне арналған дөңгелек үстел барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, алдағы он сегіз жылда Қазақстан халқының саны 3,3 млн. адамға немесе 20 пайызға артатыны болжанады.
«Салыстырмалы түрде болжамдарды қарасақ, 2030 жылға қарай дамыған елдерде халықтың өсімі баяулап бұл көрсеткіш 6-3 пайызды ғана құрайтыны болжанады. Халық өсімінің баяулауы АҚШ, Канада және Австралиядан басқа елдерде көрініс береді және осы елдерден басқа дамыған елдерде 13-16 пайыз шамасында халық өсімі болжанады. Ресейде бұл көрсеткіш 3-4 пайызға төмендейді, ал Қытайда 3-4 пайыз өсім, Бразилияда 10-12 пайыз, Үндістанда 20 пайызға болжанады. Сонымен қатар, халықаралық сарапшылардың болжамына сәйкес, Үндістан 2030 жылға таман халық өсімі жағынан Қытайды басып озатын болады», - деді Тамара Дүйсенова.