ДАЛА ӨРТІ ШЕКАРА ТАҢДАМАЙДЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Халыққа хабар беру және оқыту тобының және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Абай және Ақжарма ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері шаруа қожалықтарының жұмысшыларына, ауылдық округтер мамандарына, ерікті өрт сөндіру жасағы тобына дала өртінің алдын алу мақсатында түсіндірме жасады. Онда дала өртін болдырмау, өрт оқиғасы орын алған жағдайда оны сөндіру тәртібі жөнінде айтылды. Ерікті өрт сөндіру жасағын құру тәртібі және олардың міндеттері туралы сұрақтарға жауап берді. Ол жөнінде жергілікті «Қоғам ТД» телеарнасында көпшілікке көрсетілді. Телесюжет барысында «Дала өртінің алдын алу, қойма, астық қабылдау пункттерін өрттен сақтау» жөнінде Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры А.Алдажарова сұхбат берді.