ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ БЕЛАРУСЬ ЕЛІНДЕ ОТЫЗ КҮН ТІРКЕУСІЗ БОЛА АЛАДЫ
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Аталған келісімге 2013 жылдың 4 қазанында қол қойылған.
Келісім Қазақстан мен Беларусь азаматтарының тараптар аумағында өздері кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде құзыретті органдарда міндетті түрде тіркелместен болуының оңайлатылған тәртібін белгілеуге бағытталады.
Бұл ретте азаматтардың уақытша болу мерзімі сол мемлекеттің аумағына кірген кездегі шекара қызметі қойған белгісі бар көші-қон картасымен расталып, мемлекетке кірген күннен бастап есептеледі. Ал азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі отыз күннен асып кеткен жағдайда сол елдің заңнамасына сәйкес, құзыретті органдарға тіркелуге міндетті болады.
«Беларусьтен бөлек, Қазақстанның Ресеймен арасында осындай келісім жасалған болатын. Өз кезегінде интеграция үдерісі еңбекші көшіп-қонушылардың жүріп-тұрулары үшін барлық кедергілерді жоюға ықпал етеді. Ал заңды қабылдау Қазақстан азаматтарының Беларусьте болуын жеңілдетіп, сауда-экономикалық, инвестициялық климатты жақсартады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.