ГАЗДАНДЫРУ – ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ
ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Қызылорда облысындағы газдандырылған аудандарға журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырылды.
Қазақстанның газбен жабдықтау жүйесі – маңызды инфрақұрылымдық кешен болғандықтан, үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Республиканың ірі газ тарату компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (КТГА) – оның құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы жоғары және төмен қысымды таратушы құбыр жолдары арқылы газды тасымалдау қызметін көрсетеді және тұтынушылардың барлық санаттарына газды өткізу қызметін іске асырады.
Қызылорда облысының аудандарын газдандыру бойынша Компанияның қаражаты есебінен Қызылорда облысы Әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында 27.12.2013 жылы қол қойылған №44 Меморандумға сәйкес, құны 24,7 млрд теңге болатын «Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы іске асырылды.
Аталған жобаны іске асыру аясында 4 аудан орталығы – Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері газбен жабдықтау жүйесіне қосылды. 5 автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынды және аталған елді-мекендер мен Байқоңыр қаласында газ құбырлары жүргізілді. Жобаның МГ-ден АГТС дейінгі жеткзу газ құбырларының ұзындығы 63,87 км, жоғары қысымды газ құбырларының ұзындығы 50,10 км, орташа қысымды газ құбырларының ұзындығы 135,74 км, төмен қысымды газ құбырларының ұзындығы 1046,104 км, ГРП саны 13 дана және ШРП саны 174 дана. Жобаны іске асырудың нәтижесінде 11,5 мыңнан астам жеке меншік үйлер және 368 әлеуметтік маңызды және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды газдандыруға мүмкіндік туындады.
2016 жылы тасымалдау және табиғи газды өткізу көлемі 20 289 мың м3 құрады.
Арал қаласы, Әстеке би, Жаңақорған, Шиелі кенттерінде халыққа қызмет көрсету үшін кеңселер ашылды. Әрбір аудандық газ шаруашылықтары (АГШ) үшін қызметкерлер штаты жинақталды.
Халыққа қолайлы болу үшін жеткілікті жерлерде өтініштерді қабылдау, жеке тұлғаларды газдандыру үшін техникалық шаттарды беру және дайындау жүзеге асырылады.
Табиғи газ – ең экологиялық таза отын түрі. Оған тек экономиканың дамуы ғана емес еліміздің тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру сапасы, жайлылық деңгейі де тәуелді. Осы тұрғыда газбен жабдықтау желісін кеңейту елеулі әлеуметтік және экономикалық маңызға ие.
Сонымен қатар, аймақтың инвестициялық тартымдылығы және газдындырылған елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артады.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.