ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ
ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
«Учаске» іс-шарасына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары мен тиісті қызмет саласының қызметкерлері жұмылдырылатын болады.
Аталған іс-шараның 1 күнінде 1206 үй-жайлар, оның ішінде 377 көп қабатты үйлер, 829 жеке үйлер, 21 жалға берілетін пәтерлер мен жеке үйлер тексеріліп, 82 құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті әкімшілік шара көрілді.
Атап өтерлік жайт, аталған шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасатын болады.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі