ЕЛБАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
«Нұр Отан»Қызылорда қалалық филиалы, «Жылу» бастауыш партия ұйымында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын талқылау және түсіндіру мақсатында жиын өтті.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры Бауыржан Мадраимов және партия белсенділері мен бастауыш ұйым мүшелері қатысты.
Өздеріңізге белгілі біздің алдымызда ең алдымен рухани жаңғыру міндеті тұр. Соның ішінде жаңа әліпбиге көшу - ол өте маңызды мәселе.Әлемдік тәжірибе бойынша өркениетке жол салған кез-келген мемлекет ең алдымен тілдің дамуына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан біздің ұлттық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз, осының барлығы қазақ тілінің жаңа әліпбиін жасаудан басталады»,-деді «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры Бауыржан Мадраимов партия тарапынан Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттердің қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.
Мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру - біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі.Ендеше іргелі іске өз үлесін қосуды әрбір қазақстандық отан алдындағы парызым деп түсінуі қажет»,- деді Бауыржан Мадраимов.
Жиында партияның белсенді мүшелері мақаланың әр бөліміне тоқталып өз ойларын білдіріп, еркін пікір алмасты.