ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛЕДІ
21 қыркүйекте Астанада әлеуметтік сала қызметкерлерінің форумы өтеді. Басқосуда әлеуметтік қызмет көрсетуді жетілдіру Тұжырымдамасы талқыланады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.
Тұжырымдама арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Нақты қадамдар іске асқан жағдайда, ауылдық жерлерде әлеуметтік қызмет қолжетімді болады. Әлеуметтік тарифтер бағасы қайта қаралады. Сала қызметкерлерін біліктілігі артады. Материалдық база нығайтылады.
«Мәселен, ардагерлер үйіндегі жандарға бөлінетін қаржы біздің Қызылордада 1 адамға 3 жарым мың теңге болса, Ақтауда бір жарым мың теңге. Барлық облыстарда бөлінетін қаражатта айырмашылық болмауы үшін ортақ тариф бекітіледі. Барлығында бірдей қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін арнайы білімі бар әлеуметтік қызметкер жоқ еді. Енді оқу орнын бітірген мамандарды жұмысқа қабылдаудамыз. Бұл біздің саланың жандануына зор көмек. Осыған қатысты жаңа стандарттар жасалып, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесі қайта сүзгіден өткізіледі», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Сондай-ақ, интернат үйлерінде емделіп жатқан балалар отбасынан алшақтап қалмауы үшін оларға арнап 50 орындық күндізгі бөлім ашылады. Балалар арнайы көлікпен қатынайды.
Басқарма басшысының айтуынша, халық Тұжырымдамаға байланысты ұсыныс-пікір білдіре алады.