ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 420 СПОРТШЫ ҚР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ САПЫНА ЕНДІ
Қызылорда облысында дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.
Аймақта жоғары білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 16792 оқушы 32 спорт түрімен шұғылданады.
Жыл басынан бері облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 563 медальдарды (152 – алтын, 160 – күміс, 251 – қола) жеңіп алса, Азия және Әлем чемпионаттарында - 53 медаль (15 - алтын, 16 - күміс, 22 - қола) иеленді.
Басқарманың мәліметіне сәйкес 34 – «ҚР-ның спорт шебері»,414 – ҚР спорт шеберіне үміткерлер дайындалған. Спорт түрлері бойынша 420 облыс спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді.
Жыл басының басты жетістігі ол – мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленуі болды.
Сондай-ақ, спорт түрлерінен 11 ҚРЧ (ауыр атлетика, грепплинг, панкратион, волейбол, қазақ күресі, гандбол, мәнерлеп сырғанау, велоспорт, тоғызқұмалақ, грек-рим, шахмат, қазақ күресі) 3 халықаралық турнир, 35 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 27 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.