ЖЕМІСТІ БАҒДАРЛАМА – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру үшін Қызылорда облысында 2017 жылға жалпы 779,6 млн теңге қаражат қаралған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша бөлінген қаражаттың 669,6 млн. теңгесі кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына субсидиялар мен ішінара кепілдіктер беруге бағытталған. Жыл басынан бері бұл бағытта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы құны 5,59 млрд. теңгені құрайтын 95 жобасы субсидияланып, оның ішінде 45 жобаға ішанара кепілдіктер берілді.
- Жыл соңына дейін бағдарлама шеңберінде мақұлданған жобалар бойынша 1 млрд. теңге көлемінде субсидия төлеу мүмкіндігіміз бар. Бұл несие қаражаттарынан бөлек, аталған Бағдарлама шеңберінде ауылдық елді-мекендердегі шағын кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар беру үшін биылғы жылдың басында 10 млн. теңге қаржы бөлініп, микробизнес субъектілерінің 17 жобасы қаржыландырылған болатын. Бөлінген қаражаттың аз болуына байланысты соңғы бюджетті нақтылауда қосымша 100 млн. теңге қаражат бөлінді, - дейді Азамат Досжанов.