МЕМЛЕКЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖЫМҚЫРУДЫҢ ТАҒЫ БІР ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі әлеуметтік бағдарламалар негізінде мемлекет қаражатын қымқыруға қатысты кезекті фактіні анықтады.
Бұл жолғы қылмыс жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерге қатысты.
Мемлекет қазынасынан, анау-мынау емес, 6 млн. 162 мың теңгенің қаражатын қымқырған қылмыстық топ әйелдерден құралған, яғни ««Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің қызметкерлері және дара кәсіпкер бірігіп әрекет еткен.
Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының қызметкерлері Д.Б. мен А.А. 2016 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қызылорда қаласында тұратын жұмыс істемейтін он жүкті әйелді тауып, оларға қажетті құжаттарды жинақтаған. Ал кәсіпкер А.С. өзінің және күйеуінің атына тіркелген дара кәсіпкерлерінен әйелдерге жалдамалы жұмысшысы ретінде әлеуметтік аударымдар «аударып отырған».
Мұқият дайындалған келісім бойынша дара кәсіпкердің өткізген жалған құжаттары негізінде, орталық қызметкерлері еш кедергісіз жәрдемақы тағайындау туралы шешім шығарған.
Алайда құпия ашылып, қылмыс анықталды. Қызылорда облысы бойынша МКД ЭТҚ-і Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 4-бөлігінің 2-тармағымен және 385 бабы 1,2 бөліктерімен қылмыстық іс жүргізіп, қылмыстық жүйені толығымен ашты.
Қызылорда қалалық №2 сотының 07.09.2017 жылғы шешімімен барлық қатысушылардың кінәсі дәлелденіп, тиісті жаза тағайындалды. Әрқайсысы 3 жылдан бас бостандығынан айрылды, алайда жас баласы болуы себепті жазасын өтеу кейінге қалдырылады.
Мәлімет үшін: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидалары» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №236 бұйрығымен бекітілген (31.03.2017 жылға толықтырулар мен өзгерістермен).
Б.Орданова,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы