ЕҢБЕККЕ ТАҒЗЫМ

Турнирде сөз кезегін алған Қызылорда бөлімшесінің директоры, «Теміржол» партия филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге ерекше маңыз беріп, үнемі назарда ұстайтынын және теміржолшылар бұл істе «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында саланың дамуына өзіндік үлестерін қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде көптеген жұмыстар атқарып жатқанына тоқтап, ерен еңбектер ұмытылмай оған құрмет көрсеуде еңбекке тағзым ете отырып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге Көкшетау бөлімшесінің директоры әрі О. Жанәділовтың туған жақыны Нұрым Лепесұлы Жаниязов қатысып, игілікті іске ризашылығын білдіріп, туғандары «ДОСТАР» мейрамханасында құран бағыштап ас беретін хабарлап асқа шақырды.
Қоғамда аға ұрпаққа құрметпен қарауды, ардагер еңбектерін мақтаныш тұту, оны жастар бойына қалыптастыру мақсатындағы салауатты өмір салтына бастайтын турнирге теміржол бөлімшеге қарасты мекемеден 10 команда қатысты. Теміржолшылар кәсібиодағынан жеңімпаздарға 1 орынға ие болған локомотив депосы -30000теңге, 2 орынға ие болған НОДГП - 20000 теңге, 3 орынға ие болған НЖС- 10000 теңге және диплом,медаль,кубок берілді.
«Нұр Отан» партиясы « Теміржол» филиалы төрағасы тарапынан «Үздік қабылдаушы» ,«Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша грамоталармен естелік сыйлықтар берілді. Белсенділік танытып қатысқан қалған командаларға ынтыландыру ретінде естелік сыйлықтар табысталды.

