ҚЫЗЫЛОРДА ОТД «ДЕНСАУЛЫҚ - 2017» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні Қызылорда ОТД салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай өткізілген «Денсаулық фестивалі - 2017» қатысты.
Фестиваль «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен өтті. Акция шеңберінде спорттық жарыстар ұйымдастырылып, марафон өтті. Оған Қызылорда ОТД 20 жас маман белсене қатысты. Байланысшылар Қызылордадағы Достық үйінен бастап Орталық алаңға дейін «денсаулыққа 10 мың қадам» жүріп келді.
«Жастелеком» аймақтық жастар ұйымы салауатты өмір салты секторының кураторы Исмаилов Азаматтың айтуынша, спортпен шұғылдану және осындай жарыстарға қатысу қызметкерлердің дене пішінін жақсартады, корпоративтік рухты қалыптастыруға ықпал етеді және филиалдағы ұжым мүшелерінің бос уақыттарын түрлендіруге көмектеседі.