ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА 1299 СЫНАМАСЫ АЛЫНДЫ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Аханаева мәлімдеді.
Есепті мерзімде білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, апаттық жағдайдағы мектептерді жою, бейімделген ғимараттағы мектептерді санитариялық қағидалар талаптарына сәйкестендіру, балаларды сауықтыру ұйымдарының жаз маусымына дайындығын қамтамасыз ету бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесімен, есепті кезеңде республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 22 мектеп бой көтеріп, оның 11-ы пайдалануға берілді.
Өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сауда орындарынан 1299 сынамасы сатып алынып, оның 31-і техникалық регламент талаптарына сай болмай шықса, анықталған кемшіліктерге сәйкес 8 нысанға нұсқама берілсе, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеген өнімдерді дайындаумен, сатумен айналысқан объектілерге жүргізілген жоспардан тыс тексерулер қорытындысымен 6 нысанға 20АЕК көлемінде айыппұлдар салынды.
- Ерекше тәртіппен тексеру кестесіне енгізілген 1203 объектінің 871-тексерумен қамтылып, 756 айыппұл салынып, оның 621 өңдірілсе, 4 нысанның жұмысы тоқтатылып, тергеу органдарына жолданған 115 материалдың 43 шешім қабылданса, өндірісте болған 694 өтініштің, 213-і шағымның үлесінде болды, - деді Ұлболсын Аханаева.