ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ 7 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2017 жылғы 8 айда облыс аумағында 1040 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 234587 адам қатысты.
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін спорт нысандарын көбейтуіміз керек. Соңғы 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, атап айтсақ, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы басталды.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданында мемлекеттік жеке әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылған. Жоба аясында спорт кешенде 1200 спортшы 15 спорт түрімен шұғылданады.
Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің қолдауымен Қызылорда қаласынан 4 «стрит воркауд» алаңдары салыну жоспарланған болатын (Орталық алаң, Тасбөгет, Мерей м/а, М.Ералиева мәдениет үйі ауласында). Қазіргі таңда, орталық алаң маңындағы «стрит воркауд» алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Орталық стадионның қосалқы футбол алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді. Қосалқы алаңға қосымша көрермендерге 2200 орындық трибуна қоюға жұмыстар жасалуда.