ОБЛЫС БОЙЫНША 3660 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 80% АСТАМЫ ҮКІМЕТТІК ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛДІ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Аханаева мәлімдеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыруда мақсатында, Департамент пен аумақтық басқармаларда мемлекеттік қызмет алуға өтініштерді үкіметтік портал мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да қабылдауды жүйеге келтіріп отыр.
Атап айтқанда, есепті мерзімде облыс бойынша 3660 мемлекеттік қызметтің 80 пайызынан астамы үкіметтік портал арқылы көрсетіліп отыр. Есепті мерзімде, облыс тұрғындары арасында тырысқақ, іш сүзегі, туляремия, күйдіргі, сал, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек, қүл, құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, ВЛ, ЗКЛ аурулары тіркелмесе, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ротавирусты энтериттер – 3,8 есеге, бактериалдық дизентерия – 2,2 есеге, тұмау ауруы -2,3 есеге, жедел респираторлы вирусты инфекциялар – 31,2%, өкпе туберкулезі – 6,6%, мерез – 10,2%, жіті ішек инфекция тобы -20,0%, риккетсиоздар – 4, ірінді менингит, КҚҚБ -2, менингит, ботулизм аурулары -1 жағдайға азайған. Ал жіті вирусты гепатит-4, сарып-10, скарлатина-5, эхинококкоз ауралары-2 жағдайға және лямблиоз 4 есеге артып, жалпы облыс бойынша жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық ахуалы «қанағаттанарлық» болып қалыптасты.
- Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан қолайсыз елді мекен ретінде анықталған 117 елді-мекендерге, көктемгі –күзгі эпидмаусымда мал бастары, мал қоралары, буферлік аймақтарда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 186,0 млн тенге, қолайсыз елді мекендерде санитарлық қорғаныс аймақтарын құруға республикалық бюджеттен 31 712,0 мың теңге бөлініп, көктемгі өңдеу жұмыстары 10 сәуірден басталып, 2 айналыммен 117 елді мекенге толық жүргізілсе, күздік өңдеу жұмыстары тамыз айының 21-нен бастап бекітілген кестеге сәйкес қайта жүргізілуде, -деді Ұлболсын Аханаева.