«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: АРАЛДА ТУҒАН АРДА АЗАМАТ

Бүгінде «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің басшылығын-да әке аманатына адал болып, халқына қалтқысыз қызмет етіп келеді. «Диқанның бақшасын көр, жемісін тат, адал еңбек еткеннің – көңілі шат»,- деп Ә.Науай айтқандай, Мейрамбек Тоғысұлы да адал еңбектің жемісін көріп, Арал ауданының үздік кәсіпкері атанып, жастарға қолдау көрсеткені үшін «Жастар жанашыры» номинациясымен марапатталған.
2014 жылы Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен Елбасы Алғыс хатына ие болып,«Атамекен» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төсбелгісін кеудесіне таққан. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел. Десе де, бүгінгі тасбауыр қоғамда қайырымды іс ж-сап, көмек қолын созар жандар болса, Мейрамбек Тоғысұлы солардың қатарынан деп сеніммен айта аламыз. 5 жыл қатарынан Арал, Қазалы аудандарында білім саласы бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көрсеткен көмегі соның жарқын үлгісі. Азаматтың жасаған игі ісі тек бұл ғана емес, сонымен қатар өз ауданындағы мешітке күрделі жөндеу жасап, «Арал-Ас» жастар клубына, денсаулық саласына, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне әр жылы демеушілік етіп келеді. Адам аты болған соң, әрбір пенде ата-анасының ғана емес, елініңде перзенті. Сондықтан да, Отан алдындағы қарызы мен парызы — ең ұлы жауапкершілігі.
Халқы алдындағы міндетін бір сәт естен шығармаған Мейрамбек Жұмашев жұрты сүйетін, елім деп еміренетін ұлтының нағыз патриоты. Әке берген тәрбие тұяғынан ерген 5 баласына үлгі болары сөзсіз. Жүрегі ұлтым деп соққан тұлғаның алдағы ісіне біз детабыс тіледік.