«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ЭЛМИРА ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Әнші «Аралдан ұшқан аққу ем...» атты шағын кітабының 1-бөліміне өзінің төл туындыларын (мақамдарын, әндерін, жыраулық дәстүр жайлы мақалаларын), баспасөз беттерінде жарық көрген сұхбаттарын, «Халық пен достың тілегі, жаныма қуат береді» деп аталатын 2-бөліміне өзі жайлы жазылған әңгімелерді, очерктерді, мақалаларды, «Жүректен шыққан жылы лебіз» атты 3-бөліміне өзіне арналған өлеңдерді, әндерді, толғауларды, хат-өлеңдер мен күйлерді, ал «Шетелдерден хат-хабар» атты 4-бөліміне ол жақтағы фестивальдарды ұйымдастырушылар мен ғалымдардан келген хаттар мен қайтарылған жауаптарды (ағылшынша) топтастырған.