МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Аханаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Үстіміздегі жылдың басты жаңалығы ол - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысына сәйкес, «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қызылорда облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып 2017 жылдың 12 сәуірінде қайта тіркеуден өтті және осы уақыттан бастап департамент өз құзіреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етумен қосымша қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау салаларында да басшылыққа алу мен реттеу жүктелді.
- Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруде Елбасының 5 институционалды реформасына сәйкес қабылданған мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделін және мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту тәртібін айқындайды, осыған сәйкес біздің сала мамандары аттестациядан және біліктілігін айқындау сатыларынан толықтай өтті, комиссия отырысының қорытындысымен 3 маман категорияларын жоғарылатылуға ұсынылды, - деді Ұлболсын Аханаева.