ҚЫЗЫЛОРДАДА «БІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Акцияның негізгі мақсаты - есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар мен жасөспірімдердің арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау болып табылады.
Шараға Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, дәрігерлер мен әртістер және есірткінің алдын алу тақырыбында ұйымдастырылған сайыс жеңімпаздары қатысты.
Жиын барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, есірткі қылмысы мен құқық бұзушылықтарына қатысты ақпараттар берілді. Сонымен қатар, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің жастарға арналған үндеулері, ақыл-кеңестері тыңдалды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, флешмоб ұйымдастырылды, жастардың орындауында билер биленіп, әндер айтылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
