ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Қазалы ауданында жол-көлік инфрақұрылымы саласында да жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Екі жыл бұрын аудан меншігіндегі 402 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 31 пайыз болатын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 51 пайызға жетті.
Бүгінгі күні аудан бойынша Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы мен елді мекендерде 424 көше жол тораптары бар.
2015 жылы «Бозкөл-Тасарық», «Қожабақы-Аранды», «Самара-Шымкент- Ақсуат», «Абай ауылына кіре беріс» аудандық маңыздағы автомобиль жолдары қайта жаңғыртылды. «Әйтеке би-Қазалы», «Пірімов ауылына кіре беріс», «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аралығы орташа жөнделді.
Сонымен қатар, Қазалы қаласының 14 көшесі мен Әйтеке би кентінің 40 көшесіне орташа жөндеу, Жанқожа елді мекенінің 5 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Автомобиль жолдарымен қатар, көпірлер құрылысы да назардан тыс қалған емес. Сол жылы «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 20 және 73 шақырымындағы темірбетон көпірінің құрылысы аяқталды.
Өткен жылы аудандық маңыздағы 30 шақырым жолды жөндеу мен қайта жаңғыртуға барлығы 625 млн. теңге бөлініп, бірқатар жобалар іске асырылды. Ал елді мекен ішілік жолдарды жөндеуге аудандық бюджеттен 91 млн. теңге қаржы қаралып, Түктібаев, Жалаңтөс батыр, Бірлік, Сарыбұлақ, Мұратбаев ауылдарының көшелері жөнделді.
Биыл «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары басталды. Өркендеу ауылына кіре беріс көшесі мен Түктібаев ауылының 5 көшесіне, Жалаңтөс батыр ауылының 2 көшесіне, Қазалы қаласының 13 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы көпір құрылысын салуда көп уақыттан бері шешімін таппаған жобаларды іске асыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 653 млн. теңге қаржы қаралды. «Әлсейіт» учаскесіндегі көпір құрылысы мен «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы темір бетон көпірінің құрылысы басталады.
Осы атқарылған құрылыс жұмыстар халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, аудан экономикасының одан әрі дамуына үлкен әсерін тигізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде кезең-кезеңімен атқарыла беретін болады.