ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ
Қызылорда облысында интернат-үйлерінде тәрбиеленген 30-дан астам мүгедек бала отбасыларына оралып, әлеуметтік қызметті күндізгі бөлімшелерде алуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша қазіргі таңда 5 үкіметтік емес ұйыммен 200-ге жуық адамдар әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Бұл қадамсыз мемлекет тағы қосымша көп орынды интернат-үйлерді салуға мәжбүр болар еді.
- Сарапшылардың талдауынша, алдағы уақытта әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңаша ұйымдастырылуы мемлекеттің, азаматтың және отбасының ынтымақтаса әрекеттесуі көрсетілетін қызметтің сапасының жақсаруына септігін тигізеді. Аймақта азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер қызмет көрсету оларға ұйымын таңдау арқылы көрсетіліп отыр. Әлеуметтік қызмет алушылар интернат үйлерімен қатар үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілуде. Көптеген ата-аналар балаларын отбасында сақтап қалуға ниетті болғандықтан, мамандандырылған күндізгі бөлімшелер ашылды. Бүгінде интернат-үйлерінде тәрбиеленген 30 астам мүгедек бала отбасыларына оралып, әлеуметтік қызметті күндізгі бөлімшелерде алуда, - дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, басқарма басшысы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды. Қаржыландыру механизмін өзгерте отырып, олардың жалақысын көбейту сұрағы қаралады. Әлеуметтік қызметтер жүйесін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасының жобасының негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын жеткілікті және қажетті деңгейге жеткізу болып табылады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмдерін жетілдіру негізінде мұқтаж азаматтарға қызмет көрсету түрлерін таңдау қолжетімділігін ұсыну.