ЖЕКСЕНБІДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА НАЙЗАҒАЙ КҮТІЛЕДІ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 9-11 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел, 9 қыркүйекте түнде, 10-11 қыркүйекте тәулік бойында найзағай күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы