ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН

Қызылорда облысында есепті кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,4 пайызға көтеріліп, 203 594 адамға жетіп отыр.
Басқарманың мәліметіне сәйкес бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн. теңге бөлініп, 270 спорт нұсқаушысы 133 елді мекенді қамтып отыр. Олар 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.