МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ
Осындай екі ай бұрын партиялық тұрғыдан Қызылорда вокзалында жергілікті тұрғындармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген сервистік қызмет пен жеңілдіктер жайлы бақыланған болатын.
Бақылау кезінде ғасырдан аса уақыт бойы халық игілігіне қызмет жасап келген вокзал аумағындағы пандустар стандарттық талапқа сәйкес келмейтіні анықталған. Стандартқа сай етіп, ретке келтіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар берілген. Міне бүгін сол вокзалға жауапты магистралдық желі бөлімше басшылықтары қаражатты өз күштерімен тауып мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп –тұру жағдайларын қамтамасыз етуде вокзалдың шыға беріс жолында мүгедек жандарға жағдай қарастыру мақсатында пандусты стандартқа сай келтірді.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева, Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Мұрат Жұмаділаев, Магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ғалымжан Жұмағұлов, вокзал басшысымен бірлескен комиссия құрып стандарттық жүйеге келтірілген пандуспен арбаға таңылған адамның еркін жүріп тұруын іс жүзінде тексеріп көріп, атқарылған жұмысқа оң баға берді.