АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙІ СЫР ШЕРТЕДІ

Аталмыш музей 2016 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай қайта жаңартылып ашылған болатын. Жыл басынан бері азаматтық қорғау органдарының музейіне кәсіби даярлық мектебінің 400 тыңдаушысы келген. Сонымен бірге мектеп оқушыларынан бастап, ата-аналар, түрлі сала қызметкерлері, ардагерлер және облыс әкімшілігі өкілдері музей жәдігерлері мен экспонаттарын тамашалады. Қызылорда облысы ТЖД Музейінің меңгерушісі Кәмшат Ерімбетованың айтуынша, алдағы уақытта әлі де музейді экспонаттармен толықтыру жұмыстары жалғасын табатын болады.
Қызылорда облысы ТЖД
