«ЖҮРУ – ЗИЯН ЕМЕС, ЖҮРМЕУ – ЗИЯН!»
9 қыркүйек күні, сағат 08.30 да кент орталығындағы "Ордакент" ардагерлер, жастар ресурстық орталығы ғимаратынан орталық алаңға дейін жаяу жүру марафоны республика бойынша «Жүру – зиян емес, жүрмеу – зиян!» ұранымен бастау алды.
Сағат 09.00 да орталық алаңда «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен Денсаулық фестивалі өтеді. Фестиваль шеңберінде 5 түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, орталық алаңда балалар үшін велосипедпен серуендеу, батут және тағы басқа ойын алаңдары тегін қызмет көрсетеді.
Баршаңызды «Денсаулық фестиваліне» қатысуға және белсенділік танытуға шақырамыз.