ОБЛЫСТЫҚ КРОССФИТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің қызметкерлері «Біз құтқарушылармыз» атты акция аясында азаматтық қорғау органдарының беделін көтеру үшін Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірігіп облыстық Кроссфит жарысын ұйымдастырды. Бұл туралы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.
Кроссфит – бұл шыдамдылық пен күшке арналған, негізінде аэробты, гимнастикалық және ауыр атлетика жаттығуларынан тұратын бағдарлама. Қызылордада бұл спорттық жарыстың түрі екінші жылы өтіп жатыр және әрбір жыл сайын кроссфитке деген қызығушылық жастар арасында өсіп келеді.
Спорттық іс-шараға барлық облыстан 60-тан астам спортшылар қатысты, арасында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері бар. Жарысқа сондай-ақ, Қызылордадағы Абылай хан атындағы колледждің, Болашақ университетнің студенттері, облыстың басқа мекемелерінің аралас жекпе-жек бойынша спорттық клубтың спортшылары қатысты.
Жарыс қонағы, ММА дерегі бойынша үш дүркін әлем чемпионы Ардак Назаров іс-шараны алғыс сөздермен ашты. Өзінің тілек сөзінде ол өздеріңнің армандарың мен мақсаттарыңды жүзеге асыру үшін салауатты өмір салтын жүргізу керек екендігін және өзіңе сену қажеттігін айтып өтті. Чемпион Кроссфитке қатысқаны үшін нәзік жандылардан жалғыз қатысушысы Абылай хан атындағы колледждің студенті Айшолпан Зайчиковаға алғысын білдірді және оған жеңістер тіледі.
Жарыстың бас төрешісі, Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің Күштер және құралдардың жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау майоры Жандәулет Өндрей жүгіру жолын спорттық элементермен көрсетті. Көрсету барысында жарақат алмау үшін ол әрбір жаттығуды қалай жасау керек екендігін айтты.
Жарыстың қорытындысы бойынша спорттық клубтан Ербол Байназаров чемпион болды. Жаңақорған ауданынан келген спортшылар командалық жеңісті бағындырды. Ұйымдастырушылардың және қатысушылардың сөзі бойынша бұл іс-шарада жеңу емес, ол 8 фитнес- домендердің өтуі деді.