ӨРІСТІ ІС ӨРКЕН ЖАЙМАҚ
Тамыз айында Қызылорда облысының Аймақтық үйлестіру кеңесі тарапынан 13 жобаға «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау көрсетуге шешім шығарылды.
Жобалардың жалпы құны 261,7 миллион теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсіпкерлер кепілмүлік жетіспеушілігі мен несие пайызын төмендету секілді мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Кәсіпкерлер қол жеткізген несиелерінің үстемесі 4% дейін азайды.
Аймақтық үйлестіру кеңесі тарапынан мақұлданған жобалардың ішінде қазалылық жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтің кәсіпорны да бар. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында осыған дейін де кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алған болатын. Қазалылық кәсіпкердің балық өндіру мекемесі жаңа құрал-жабдықтармен толығып, дамуға жаңа леп алуда. «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру бағдарламасы аясында Төребек Игіліков «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп, 16,5% жылдық үстемемен қол жеткізген несиесінің 10% мемлекет тарапынан субсидиялануда. Кәсіпкер несиесін 6,5%-бен өтейтін болды.