БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ


2015 жылы 26 желтоқсан айында іздестіру құтқару жұмыстары барысында жоғалып кеткен 3 балықшыны тауып, қауіпсіз жерге жеткізген. 31 желтоқсанда авариялық құтқару жұмыстары барысында 36 зардап шегушіні құтқарып, Қызылорда қаласына жеткізген. 2017 жылы 6 сәуір күні Қызылорда қаласы Сырдария өзеніне секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны ажалдан арашалаған. 2017 жылы 26 шілдеде Қызылорда қаласы Шымбай көшесі н/з Кәріз сорғы стансасындағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүріп, уланған адамдарды арнайы киім аппаратымен кіріп, 3 зардап шегушіні аман алып шыққан және 2 адамның мәйітін сыртқа шығарған. Оған әр жылдардағы осындай жұмыстары үшін бірқатар марапаттарды иеленді. Атап айтқанда, 2009 жылы ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» кеуде белгісі, 2010 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «Ерлігі үшін» Медалі, 2012 жылы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» кеуде белгісі, 2015 жылы «ҚР ТЖК-не 20 жыл», «Қазқұтқару-20 жыл» мерекелік және «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққан үшін» медальдары, 2007- 2016 жылдары ҚР ТЖМ және ТЖД алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталды.

Тәжірибелі және білікті маман ретінде құтқару және сүңгуір-іздестіру жұмыстарында байырғы заманнан халықтық тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы оң нәтиже шығара біледі. 2017 жылдың 14 шілдесінде Сырдария өзенінің қауіпті аумақтарында патрульдік кезекшілік жүргізу кезінде ол сауатты және білікті іс-қимыл арқасында Сырдария өзеніне секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 жылы туылған жасөспірім А. Советті аман алып қалған. 2016 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғысы және ҚР ІІМ Грамотасымен марапатталған.

Алмас Төлеуұлы Исаев 2005 жылдан бастап құтқару саласында сүңгуір құтқарушы есебінде қызмет атқаруда. Судағы кауіпсіздік саласында білікті маман. Орын алған төтенше жағдайларды сараптап, шешім қабылдауға нақты ұсыныстар бере біледі. Судағы қайғылы оқиғаларға байланысты төтенше жағдайларды жоюға арналған барлық іс-шараларға белсенді араласады.
2015 жылғы жазғы суға түсу маусымы кезінде 8 адамды құтқару жұмыстарына қатысты және сүңгуір-іздестіру жұмыстары кезінде 2 адамның мәйітін сыртқа алып шықты. «Қазқұтқару» халықаралық жиын-семинарында Құрмет грамотасымен марапатталды. 2009 жылы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін», 2013 жылы ІІІ дәрежелі «Құтқарушы», кеуде белгісі, 2015 жылы Алғыс хатпен және «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққан үшін» медалімен марапатталды.

2014 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының елді мекендерінің аумағын таудан еріген қардың суы алу кезінде ҚР ТЖМ құрамаларымен бірлесіп, тұрғындарды құтқару және қауіпсіз жерлерге көшіру жұмыстарына суда құтқару қызметінің құтқарушысы ретінде қатысты. Топпен бірге 100-ден астам тұрғындарға қажетті көмек көрсетті. 2009 жылы Қызылорда облысы ТЖД бастығының Грамотасы, 2011 жылы «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісі, 2014 жылы ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» және 2016 жылы ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» кеуде белгілерімен марапатталды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай бұлардың қай-қайсысы да нағыз құтқарушы деген абыройлы атаққа лайықты жандар. Оларға Отбасы күні мерекесі қарсаңында отбасылары аман, денсаулығы мықты болсын деп тілектестік білдіреміз.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы