"ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2017"
2017 жылдың 9 қыркүйек күні сағат 09.00-де М. Шоқай атындағы орталық алаңында Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай "Денсаулық фестивалі-2017" кең ауқымды акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Акция мақсаты халық арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау және әрбір азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.