ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ РАМИЛИЯ ҚАМБАРОВА МЕН РОМАН ДМИТРИЕВКЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері 9 жасар Рамилия Қамбарова мен Роман Дмитриев Мәскеу қаласында "НТВ" телеканалының ұйымдастыруымен 2017 жыл 7 тамызынан бастап өтіп жатқан «Ты супер!Танцы» тележобасына қатысып жатыр.
Балалар жобаның І-турында 13 мемлекеттен қатысып жатқан өнерпаздардың арасынан үздік танылып, ІІ-турға жолдама алды. Сыр өнерпаздары қазір қызу дайындықта.
Қазақстанның, оның ішінде Сыр өңірінің намысын қорғауға барынша тер төгіп жатқан талантты бүлдіршіндерімізге "Playmarket"-тен "Ты супер!Танцы" қосымшасын жүктеу арқылы қолдау көрсетейік!!!
Екі бүлдіршін де мектепте оқу үздіктері, 7 жастарынан бастап «Атамекен» би тобының кіші топ қатысуышылары.
Рамилия 6 жасынан бастап мәнерлеп сырғанау спортына қатысып, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Ал ойы ұшқыр Роман болса хоккей спорты секциясына үздіктердің қатарында.