ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТУҒАН ЖЕРІМ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАУ АЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында жасотандықтар баспасөз мәслихатында мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбында аймақтық шығармашылық байқаудың басталғандығы туралы жария етті.
Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылып отырған байқау «Туған өлкенің ұмытылмас тарихы», «Отанның табиғи игілігі», «Отанның танымал тұлғалары» Туған өлкенің мәдени мұрасы тақырыптарында 6 номинация бойынша өтпек.
Үміткерлердің шығармаларын, аймақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары төрағалық ететін «Жас Отан» Жастар қанаты мен аймақтық білім басқармаларының жауапты қызметкерлерінен, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарынан, аймақтың көрнекті қоғам қайраткерлерімен белгілі жазушылар, журналистер, партияның бастауыш ұйымдарының төрағалары, мектеп ұстаздары, ЖОО мен колледж оқытушыларынан құралған арнайы комиссия бағалайды.
- Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал олардың туындылары орталық партия аппаратына жолданып, республикалық басылымдарда жарияланатын болады, - деді «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес.