ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАРТИЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Қызылордада «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында отбасы күніне орай «Біз спорттық отбасымыз» атты сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа «Дарын» бастауыш партия ұйымынан 4 команда қатысты. Олар көп балалы отбасылардан жасақталған.
Сайыстың негізгі мақсаты - спорттың бұқаралығын арттыру және отбасындағы бірлік пен татулықты берік ұстану негіздерін насихаттау болды.
Шараны ашқан «Дарын» БПҰ төрағасы Әбунәсір Алдабергенов Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әр уақытта да ұрпақ тәрбиесіне, отбасы және демография саясатына мән беріп келе жатқандығын, отбасылардың мемлекет қамқорлығына алынғандығын, соның бір айғағы ретінде өткен жылдан бері халқымыздың қыркүйек айының екінші жексенбісін Отбасы күні ретінде атап өтуді үрдіске айналдырғандығын атап өтті.
Сайыс кезеңдері қатысушылардан ұжымдық күшті, ептілікті әрі шапшаңдықты қажет ететін тапсырмалар орындады. Сайыс қорытындысында Байкенжеевтер отбасы бірінші, Абзалиевтер намысын қорғаған топ 2 -орынға ие болса. Үшінші орын Федосовтар отбасына бұйырды.
- Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысып бірінші орын иеленгенімізге өте қуаныштымыз. Жұмыста жүрсек те уақытымызды бөліп, барымызша дайындалдық. Дайындықтың нәтижесінде жеңімпаз атандық. Ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясына үлкен алғыс айтамыз, - деді сайыс жеңімпазы Қайрат Байкенжеев.
Қазылар алқасының төрағасы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Дарын» БПҰ-ң төрағасы Әбунәсір Алдабергенов барша қатысушыларды Отбасы күнiмен құттықтап, жеңiмпаз командаларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар арнайы дайындалған медальдарды табыстады.