СЫР ӨҢІРІНДЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨСУДЕ
Қызылордада 19 маусымда «Байқоңырда бизнес мүмкін бе?» атты тақырыпта ІІ халықаралық «Интернет-форум» өткізілген болатын. Оған 20-дан астам халықаралық компаниялардың және ҚХР, Израиль, Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Нидерланд Патшалығы, Финляндия Республикасы, Дания сияқты әлемнің 9 елінің өкілдері қатысты.
Айта кетейік, дәстүрге айналған «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумын биылғы жылы қараша айында өткізу жоспарлануда.
- Өңдеу өнекәсібі саласында 2017 жылдың 7 айында 57,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артқан. Шикізаттық емес сектордың жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 4 жылда 3 есе өскенін атап өтеміз. Инвестиция көлемі осы жылдың 7 айда 19 пайызға өсіп, 92 млрд.теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер облыс экономикасында әртараптандыру бағыты қарқынды деңгейде жүргізілуде екенін көрсетуде, - дейді облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.