«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: МАРИНА ВОЛЬНОВА
Вольнова Марина Ивановна - 1989 жылғы 26 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласында дүниеге келген. 1996 - 2007 жылдары Қазалы қаласындағы №16 М.Горкький атындағы орта мектепті оқып, бітірген.
2005-2006 жылдары Қазалы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жаттықты. Дзюдо күресінен облыстың үш дүркін жеңімпазы. 2007 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекттік университетіне дене шынықтыру және спорт факультетіне оқуға түсті.
2007 -2009 жылдары Қазалы қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жаттықтырушы және «Қайнар» спорт қоғамдық бірлестігінде спорт-нұсқаушы болып қызметтер атқарды.
Бокспен 2006 жылдың мамыр айынан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы Құлбаев Бақытбекте тәрбиеленіп, 2008 жылы Ақмола облысы, Жақсы қаласында өткен Республика біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
2009 жылы Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы, Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы кубогының иегері. Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына қабылданып, 2010 жылы Астана каласында өткен Азия чемпионатының чемпионы атанды.
2011 жылы АҚШ-тың Барбодос қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанан кейін, Марина Вольноваға Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері атағы берілді. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Қазақ елінің намысын қорғаған Марина Вольнова қола жүлдегер атанды.