ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Кеше қоғамдық комиссия жұмысын қорытындылап, анықталған кемшіліктер бойынша заңдылыққа сәйкес тиісті шара көру туралы қалалық білім бөлімі мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына (бұрынғы СЭС) ұсыныс білдірді.
Алдағы уақытта кемшілік анықталған балабақшалар бойынша қабылданған шаралар туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының арнайы хабарламасын тыңдауға шешім қабылданды.