АҚТӨБЕ АУЫЛЫНДА КҮРІШ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылында «Ақтөбе и К» ЖШС-нің қырманында сағатына 5 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты ашылды.
Өндіріс орнында облыс әкімі Қ.Көшербаев пен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Еламанов және аудан әкімі С.Мақашов болып зауытты салтанатты түрде іске қосты.
Айта кетейік, аталған зауыттың қуаттылығы - сағатына 5 тонна күріш ақтайды. Зауыт Оңтүстік Кореялық HUNDAI MACHINE INDUSTRY Co Ltd компаниясының жабдықтарымен жабдықталған.
Жобаның жалпы құны 300,0 млн. теңгені құрайды. Қаржыландыру көзі – өз қаражыты есебіненен. Зауытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.