ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ
Биыл 10 сала бойынша Қызылорда облысы әкімінің 182 білім гранты бөлінді. Айта кету керек, білім гранттары әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балаларға берілуде.
- Айта кету керек, 2013 жылдан бастап облыс әкімінің білім гранты әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан, әсіресе ауылдық жерлерден шыққан балаларға берілуде. 2017 жылға дейін барлығы 512 түлек облыс әкімінің білім грантына ие болды. Биыл түрлі салалар бойынша 182 грант қостық. Осы мақсата облыстық бюджеттен 101,7 млн. теңге қаржы бөлінді,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Бахытжан Сайлыбаев.
Сонымен, осы жылы техникалық мамандықтарға 40 грант бөлінсе, оның 10-ы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электроэнергетика» мамандығы бойынша оқитын болады. АӨК саласындағы мамандықтарға тағы - 20 грант бөлінді. Өнер саласына - 27, ал археология мен этнологияға – 5 грант бөлінді. Педагогикалық кадрлар дайындауға 50 грант бөлінсе, тағы 20 грант жас дәрігерлерге резидентурада оқу мақсатында қаралды. Сонымен қатар 1 грант «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде оқу үшін бөлінді. Сонымен бірге 5 грант «Жерге орналастыру» мамандығына, 3 грант «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына, ал 1 грант «Журналистика» мамандығына бөлінді. 2013 жылдан бері 694 білім гранты бөлініп отыр.
Комментарии 3