КЕШЕНДІ ДАМУ ДАҢҒЫЛЫ
Мемлекет Басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – «Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту үшін индустрияландыруды жалғастыру» болып табылады.
Осы ретте, бұл бағытта облыс көлемінде индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Бағдарлама аясында құны 610 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жалпы алғанда, бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды.