ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР НАУҚАСТАРҒА ТЕГІН БЕРІЛУДЕ
Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектер мен арнайы медициналық құралдардың тізімі негізінде тегін, жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету амбулаторлық-емханалық ұйымдарға тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша тіркелген жағдайда және дәрігердің рецептісі арқылы жүзеге асырылып, дәрі-дәрмектер тегін босатылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 2017 жылы амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін қамтамасыз ету үшін дәрі дәрмектерге жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеден астам, сондай-ақ республикалық бюджеттен 1 млн 714 мың теңге бөлінді.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жергілікті бюджет қаражатымен сатып алынатын дәрі дәрмектермен 35 науқас түрін емдеуге 260 дәрілік препараттар және республикалық бюджет қаражаты есебінен 13 науқас түрін емдеуге-185, яғни 500-ге жуық дәрілік препараттар диспансерлік есептегі науқастарға тегін түрде берілуде.