БАСТЫ БАҒЫТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Қызылорда облысында медициналық көмектің толықтығын, сапалылығын, сабақтастығын арттыратын көмек көрсетудің барлық деңгейін қамтитын интеграцияланған моделін ұйымдастыруда жоспарлы жұмыс жасалды.
Аталған салаға 2017 жылы 20 млрд 310,5 млн. теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы ағамдағы трансферт 15 млрд 208,4 млн. теңгені құрайды.
Ал, жергілікті бюджеттен медициналық ұйымдарының күрделі шығыстарына - 3 917,6 млн. тенге, оның ішінде 97 дана медициналық құралдар сатып алуға 3264 млн. теңге қаржы қаралған. Сонымен қатар 19 автокөлік сатып алуға 110,3 млн. теңге, ғимараттарды күрделі жөндеу үшін 443,3 млн. теңге, 414 дана компьютерлік техниканы алуға 100 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.
Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында, ағымдағы жылдың аяғына дейін Жаңақорған аудандық емханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы салынып, қолданысқа берілсе, Арал аудандық ауруханасының құрылысы жалғасын табатын болады.