ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚАЖЕТТІ МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы неанотолог, травматолог, онколог мамандары сияқты өте қажетті мамандармен толықты. 81 жас маман салаға тартылып, оның 60%-зы алғашқы емдеу ұйымдарына жіберілген. Нәтижесінде дәрігерлермен қамтылу көрсеткішін 87%-дан 95%-ға дейін көтерілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадр мәселесі жөнінде 3 жылдық перспективті жоспары бекітілген. Кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін облыс бюджетінен 60 млн.теңге бөлінді.
Айталық, биылғы жылдың жарты жылдығында 34 қажетті мамандар қайта оқытылып, 828 дәрігер, 556 мейірбике біліктілігін арттырды.
Соңғы екі жыл қатарынан облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында өткен жылы 11 резидентке, биыл 20 үміткерге облыс әкімінің гранты бөлінген болатын. Мамандар мәселесінің шешілуі нәтижесінде, емханадағы дәрігерлік аймақтағы халық санын 2200-ден 1800-ге дейін төмендетілді. 2019 жылға 1500-ға дейін кезең – кезеңімен азайту жоспарлануда. Осыған орай, жыл басынан 33 жалпы дәрігерлік аймақ жаңадан ашылды.