ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚЫТАЙМЕН БІРЛЕСІП ҚЫЗАНАҚ ӨСІРУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ
Индустрияландыру бағдарламасымен қатар Қазақстан-Қытай бірлескен жобалар қатарында облыс бойынша 2 жоба іске асырылуда.
Соның бірі – қуаты жылы 1 млн. тонна болатын тампонажды цемент шығаратын облысымыздағы алғашқы зауыт жобасы (қуаты – жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент, құны – 64 млрд.теңге, жұмыс орны – 260).
Зауытты орналастыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 50 га жер телімі берілді. Қытай тарапымен бірлесіп біріккен кәсіпорыны құрылды. Нәтижесінде Қытай инвесторлары зауыт құрылысын жалғастыру үшін есепті кезеңде 7,5 млн.АҚШ. долл. көлемінде бірінші транштық қаржы аударды. Құрылыс басында фундаментті нығайтатын 700 –ден астам қада қағылды.
Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бір игі бастаманың бірі COFCO Қытай компаниясымен бірлесіп қызанақ өсіру зауытын салу жобасы. Құны – 8,8 млрд. теңгені құрайтын зауыттың қуатылығы жылына – 24 мың тонна. Жоба іске асқанда 154 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Зауыт құрылысы 2019 жылы басталатын болады.