ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР РЕСЕЙДЕ ОҚИДЫ
Қызылорда облысынан 24 түлек К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне «Транспорттық технологиялық машиналар мен кешендерді эксплуатациялау», «Техносфералық қауіпсіздік», «Агроинженерия», «Жерүсті транспорттық технологиялық кешендер» мамандықтары бойынша оқуға қабылданды.
Бұдан бөлек, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.А.Садовничийдің өкімімен облыс түлектеріне 20 грант (магистратураға) бөлінді.
2014 жылдан бастап қызылордалық 390 студент Ресей Федерациясы Үкіметінің қаржысы есебінен Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу институтында 19 мамандық бойынша – 204 студент, К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде 22 мамандық бойынша – 98 және Санкт-Петербург мемлекеттік өндірістік технологиялар және дизайн университетінде – 21 студент білім алуда.
2018 жылы алғашқы түлектер түлеп ұшады деп күтілуде. Оқу орнын жоғары баллмен аяқтаған сутденттер «Сколково ғылым және технологиялар» институтында "магистратура" бағдарламасын жалғастырады.