СОДА ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРІЛЕДІ
Импорт алмастыратын ірі жобалардың бірі - кальцийленген сода шығару зауытының жобасы (құны - 87,5 млрд. теңге, жұмыс орны - 700 адам)
Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 100 га жер телімі берілген.
Жобаның қуаты 200 мың тоннадан 300 мың тоннаға ұлғаюына орай тиісті құжаттарға түзетулер енгізілуде. Шілде айында қытайлық инвестор-әріптес компаниямен бірлескен кәсіпорын құрылды.
Жобаның қаржыландыру мәселесі Қазақстан даму банкімен қаралуда. Жобаға қажетті инфрақұрылым жеткізу мәселесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаралуда.