МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ӨТЕУІ
Қызылорда қаласында осы уақытқа дейін тек қана үй іргелік жерлерде егіліп келген бақшалық дақылдарды ірі шаруашылық құрылымдары өндірістік негізде егуді қолға ала бастады.
Атап айтқанда, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты «Үміт» шаруа қожалығы өткен жылдан бастап 15 гектарға дейін механикаландырылған тәсілмен картоп дақылын егуді қолға алса, Белкөл кентіне қарасты «Искер М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 20 гектарға қауынның заманауи сорттарын орналастырып отыр.
Бұған дейін, ауыл шаруашылығы құрылымдарында «ақ» егісті (жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы) жинау толық аяқталды.
Егін жинау жұмыстарына барлығы 865 тонна дизель отыны, 108 тонна бензин, 33 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етіліп отыр.
Егін жинау науқанына қатысатын 22 дана жаткалар, 21 дана комбайндар, 55 дана тракторлар, 19 дана трактор тіркемелері, 8 астық тазалағыштар мен 6 дана жүк көліктері 100 пайызға ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізілді. Науқандық жұмыстарды атқаруға барлығы 530 адам қатыстырылады.