АЙМАҚТА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 2 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Биылғы жылы Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында өнімі экспортқа бағытталған 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Оның бірі, екінші жарты жылдықта іске қосылатын «Тримо» серіктестігінің «Үшоксидті молибден өндіру» жобасы. Өндірілген өнім Жапония және т.б. елдерге 100% экспортталады Құны – 871,5 млн.теңге, қуаты – 500 тонна молиб өндіреді. Жоба барысында 58 адамды жұмыспен қамтымақ.
Екінші ірі жоба – «Шыны зауыты» жобасы жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланған. Құны – 36,7 млрд.теңгені құрайтын жоба іске асқанда 226 адамды жұмыспен қамтиды.
2017 жылғы 15 мамырда Мемлекет басшыларының Пекин қаласында «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумында кездесуі аясында қытайлық «Чайна Триумф» компаниясы мен «Orda Glass» ЖШС шыны зауытының құрылысын үстіміздегі жылғы желтоқсанда аяқтау жөнінде меморандумға қол қойылды.
2017 жылдың 28 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өңірге жасаған іс-сапар аясында аталған кәсіпорындар арасында шыны зауытының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге келісімге қол қойылды.
Бүгінгі күні құрылыс алаңына әлемнің жетекші елдері - АҚШ, Италия, Финляндия, ҚХР-нан құрал-жабдықтар 100% толық жеткізілген. Металл конструкцияларды құрастыру жұмыстары жүргізілуде.