ШИЕЛІДЕ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Шиелі ауданындағы «Асылхан» шаруа қожалығының сүт өңдеу цехы қыркүйек айында жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Цехтың жалпы құны 250 млн. теңгені құрайды. Тәулігіне 1 тн. сүт өнімдерін өңдеуден бастаған цех толық іске қосылған жағдайда сүт, айран, қаймақ, сүзбе өнімдерін шығаратын болады. «Асылхан» шаруа қожалығы «Наурыз-Дем» КС» ЖШС-гі арқылы 41,5 млн. теңге несие алған. Сонымен қатар, жобаға қажетті құрал-жабдықтар «КазАгро Финанс» АҚ арқылы сүт өңдеу цехы мен мал сою пунктіне құны 91 млн. теңгені құрайтын құрал- жабдықтар лизингке әкелген.
Шаруа қожалығында Солтүстік Қазақстан облысынан алынған 22 бас асыл тұқымды сиыр, 1 бұқа бар. Сондай-ақ, 70 сауын сиырдан өндірілген сүт аудандағы балабақшаларға тасымалданып, қыркүйек айынан бастап сүт өнімдері арнайы құтыларға құйылып нарыққа шығарылатын болады.