ҚЫЗЫЛОРДА ОТД БІЛІМ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылода облыстық телекоммуникация дирекциясында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Осы жылы, дирекция қызметкерінің 33 бүлдіршіні мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Жаңадан бірінші сыныпқа барған балаларды ҚОТД бас директорының міндетін атқарушы Саулебек Дүкенбаев оқу жылымен құттықтап, мемлекет басшысы Н.Назарбаев білім саласына ерекше мән бергенін атап өтті. «Елімізге жоғары білімді мамандар қажет, сондықтан өте жақсы оқып, терең білім алып, тілдерді меңгеру керек» - деді ол.
Мерекелік шара соңында облыстық байланыс кәсіподақ төрайымы Н.В.Изюмова әр балаға мекетпке қажетті заттары салынған сөмке табыстады.
«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі