ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАРҒА ЖАҢА ОҚУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінде 1 – Қыркүйек Білім күніне байланысты жазасын өтеуші сотталған азаматтарға «Менің Отаным Қазақстан» атты алғашқы білім сабағы өткізілді. Айта кетсек, ЗК-169/5 мемемесінде қазіргі таңда 23 сотталған азаматтар кешкі мектепте білім алуда.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұлт болашағы үшін реформалық жүйелі жоспар құрып, Ұлт Жоспары «100 нақты қадам » бағдарламасын белгілеген болатын. Еліміздің өркендеуі мен дамуына бағытталған бұл реформа ұлттық мәнге ие болып тұр. Осы бағытта елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемде білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда.
Осы елеулі сәтте шәкірт бойына білім нәрін егіп, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз,- деп есептейтін кешкі мектеп педагогикалық ұжымы басшысының орынбасары Ташкенбай Насибеков сөз кезегінде, кешкі мектепте тек 6 жасар балалар ғана емес, жазасын өтеуші азаматтар да білім алуға құқылы екендігін атап өтті. Жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Адамзат дамуының және өзіндік тұлғасының қалыптасуының негізі болып саналатын білім күні мерекесі жоғары дәрежеде аталып өтті.
ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің бастығы
әділет майоры С.Ким